Жаңалықтар

Қазақстандық екі балуан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық екі балуан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Фото: ҚР ҰОК 04.09.2024 00:32 346

Испанияның Понтеведре қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екі медаль түсті. Бұл туралы ҚР ҰОК сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Грек-рим күресінен 55 келіде сынға түскен Айбек Айтбеков өз салмағында үздік үштікке енді. Айбек кіші  финалда молдовалық Максим Сармановты 10:1 есебімен жеңді. Бұл салмақта алтынды Иран, күмісті АҚШ балуаны иеленсе, тағы бір қола жүлде ресейлік Әлібек Амировтің еншісінде. 

87 келі салмақта сынға түскен Темірлан Тұрдақын да әлем чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді. Қола медаль үшін күресте Темірлан армениялық Рубен Геворгянды жеңді.  Тағы  бір қола медальді Грузия балуаны иеленген. 

Еске салайық, бүгін тағы екі қазақстандық балуан әлем чемпионатының финалына шыққан болатын. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға