Қазақстандық екі балуан әлем чемпионатының финалына шықты
04.09.2024 09:05
Фото:
ҚР ҰОК
Күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде екі қазақстандық балуан ақтық сынға жолдама алды. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта белдескен Юсуп Ашрапов Украина мен Грузия балуандарын жеңіп, жартылай финалда ресейлік Грайр Огенасяннан 7:5 есебімен басым түсті. Юсуфтың финалдағы қарсыласы - ирандық Ахмадреза Мохсен Нежад.
Сондай-ақ 82 келідегі Ислам Евлоев та финалда белдеседі. Жартылай финалда Исламның қарсыласы кілемге шыққан жоқ. Ақтық сында қазақстандық балуан Түркия өкілі Альперен Бербермен белдеседі.
Ал 60 келіде күресетін Оңдасын Хамитов қола медальға таласады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

