Қазақстандық дзюдошылар жаңа маусымға дайындықты бастап кетті
11.01.2025 19:42
Фото:
ҚР ҰОК
Астанада дзюдодан Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жиын жаңа маусымға дайындық кезеңі ретінде ұйымдастырылды.
Оқу-жаттығу жиыны аясында спортшылар жаттығуларын Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде өткізіп жатыр.
Жаттығу жиынына шамамен 100 татами шебері қатысуда. Олардың қатарында Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев, әлем чемпионатының қола жүлдегері Әбиба Әбужақынова, Grand Slam турнирінің жеңімпаздары – Мағжан Шамшадин, Нұрқанат Серікбаев, Ғалия Тынбаева, сондай-ақ 2024 жылғы Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

