Қазақстандық дзюдошылар Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шықты
09.11.2025 17:40
Фото:
ҰОК
Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілдері Аруна Джангельдина мен Мәди Амангелді Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәди Амангелді 81 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Нугзари Таталашвилиді (БАӘ) жеңді.
Аруна Джангельдина, 78 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, Аридж Агуебті (Тунис) жеңіп финалға жолдама алды.

