Жаңалықтар

Қазақстандық дзюдошылар Grand Slam-нің алғашқы күнінде медальсіз қалды

Қазақстандық дзюдошылар Grand Slam-нің алғашқы күнінде медальсіз қалды
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы 23.06.2023 20:28 1131

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Ұланбатырда өтіп жатқан Grand Slam турнирінің алғашқы күнін медальсіз аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жарыстың алғашқы күнінде татамиге 60 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев шықты. Нұрқанат үшінші орын үшін таласта Харим Лиге (Оңтүстік Корея) есе жіберді.

Қола жүлде үшін таласта Ғалия Тынбаева (48 келі) де қарсыласына жол берді. Оның португалиялық Катарина Костеге шамасы жетпеді.

Турнирге барлығы 17 спортшымыз қатысады. Аламан 25 маусымға дейін жалғасады.

Ерлер:

  1. Нұрқанат Серікбаев (-60кг)
  2. Шерзод Давлатов (-60кг)
  3. Ғұмар Қырғызбаев (-66кг)
  4. Ғұсман Қырғызбаев (-66кг)
  5. Данияр Шамшаев (-73кг)
  6. Жансай Смағұлов (-73кг)
  7. Руслан Мұсаев (-81кг)
  8. Абылайхан Жұбаназар (-81кг)
  9. Ермахан Әнуарбеков (-90кг)
  10. Аян Байғазы (-90кг)
  11. Нұрлыхан Шархан (-100кг)
  12. Бекзат Шағатаев (-100кг)
  13. Әділ Оразбаев (+100кг)
  14. Нұрсұлтан Қаблан (+100кг). 

 Әйелдер:

  1. Ғалия Тынбаева (-48 кг)
  2. Аруна Жангелдина (-78 кг)
  3. Кәмила Берліқаш (+78 кг).

Аталған додаға 45 елден 350 дзюдошы қатысып жатыр. Сайыс қорытындысында IJF ережелеріне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер әлемдік және олимпиадалық рейтингтер ұпайына ие болады. 

Атап айтқанда, чемпиондарға 1000, күміс жүлдегерге – 700, ал 3-орын үшін 500 ұпайдан беріледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға