Қазақстандық дзюдошы Универсиада Ойындарында қолаға қол жеткізді
30.07.2023 13:25
Фото:
ҚР дзюдо федерациясы
Қазақстандық дзюдошы Сұңғат Жұбатқан универсиада ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
66 келіде күрескен ол Қытайда өтіп жатқан Дүниежүзілік универсиадада Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салды.
Сұңғат Жұбатқан қола жүлде үшін белдесуде өзбекстандық Абдурахим Нутфуллоевты ұтты. Сондай-ақ, ол іріктеу кезеңдерінде мажарстандық, түрікменстандық және әзербайжандық дзюдошылардан басым түсті. Тек жартылай финалда жапондық спортшыға жол берді.
Айта кетерлігі, Қытайда өтіп жатқан Универсиада жарысы 8 тамызға дейін жалғасады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

