Қазақстандық дзюдошы қыз Азия чемпионатында қола медаль алды
21.04.2024 20:05
Фото:
Спортты дамыту дирекциясы
Ұлттық құрама дзюдошысы Эсмигуль Куюлова Гонконгта Азия чемпионатының қола медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз кіші финалда Зулхумар Дашкиноваға (Түркменстан) еш мүмкіндік бермей, мерзімінен бұрын ұтты. Бұл оның сары құрлық чемпионатындағы алғашқы жүлдесі.
Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, таңғы сессияда Эсмигуль (-63 кг) 2-айналымда жапон палуаны Кирари Ямагучиден жеңіліп қалды. Жұбаныш белдесуінде үндістандық спортшыдан басым болды.
Айта кетейік, Азия чемпионатының жеңімпазы рейтингте 700, күміс жүлдегер 490 ұпай алса, қола медаль алған 2 дзюдошыға 350 балл қосылады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

