Қазақстандық десантшылар джунглиде өмір сүруді үйренді
Көтерілісшілерге қарсы күрес жөніндегі әлемге әйгілі үнді мектебінің базасында төмен қарқындылықтағы ұрыс қимылдарын жүргізу курсынан сәтті өткен 15 қазақстандық десантшы үйіне оралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқу курсы тура екі аптаға созылды. Оқудың 90%-ы күндіз-түні өткізілетін практикалық сабақтардан тұрды.
Осы уақыт ішінде біз жаңа жаттығуларды, Джунгли мен таулы жерлерде ұрыс қимылдарын жүргізудің тактикалық элементтерін зерделедік. Күндізгі сабақтарда дрондар, минадан тазарту үшін роботтар белсенді қолданылды, ал қараңғы түсе, жылуға ден қою көздеуіші пайдаланылды, – деді Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшылысы басқармасының өкілі капитан Виталий Стефанович.
Офицердің айтуынша, бұл терроризмге қарсы операцияларды жүргізудің толық курсы болды. Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жеке құрамы шағын топтарды жергілікті жердің әр түрлі жағдайларында қолдануда айтарлықтай зор тәжірибе алды.
Десантшылар ең ұмытылмас сәт күш-қуат белсенділігі емес, жыландарды, жәндіктер мен түрлі экзотикалық өсімдіктермен тамақтану арқылы джунглиде өмір сүру курсы болғанын айтады. Бірақ сабақтардың негізі тығыз өсімдіктер мен шектеулі көріну жағдайында барлау әрекеттерін үйрету болды. Бұл блокта десантшылар бейтаныс жердегі әрекеттерге қарамастан жоғары дағдыларды көрсете білді.
Курстың барлық тақырыптары теориядан практикаға жоспарланған. Алдымен екі сағат бойы тыңдаушылар теорияны, іс-әрекеттің ерекшеліктерін зерделеп, содан кейін мектептегі оқу-жаттығу базасында жаттықты. Сосын түнгі жағдайда емтихан тапсырды. Егер күндіз нұсқаушылар десантшылардың іс-әрекеттерін ұсына немесе түзете алса, онда олар емтиханда тек бақылаушы ретінде әрекет етті.
Курс соңында барлық десантшыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Үндістан ұзақ уақыт бойы әскери ынтымақтастық іс-шараларын, ең алдымен қазақстандық тарапты бітімгерлік қызметке дайындау шеңберінде жүзеге асырып келеді.
Сонымен қатар, елдер терроризмге қарсы күресте екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуде. Қазан айында Үндістанда «ҚазҮнді-2024» оқу-жаттығуы өтті. Оған Десанттық-шабуылдау әскерлері мен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері қатысты. Десанттау кезенде қазақстандық әскери қызметшілер үнділік әріптестерімен бірлесіп, таулы жерде қиын жағдайда 3500 метр биіктіктен шектеулі алаңға парашютпен секірді.
Тұрақты бірлескен әскери оқу-жаттығулары мен оқыту курстарын өткізу Үндістан мен Қазақстанның бейбітшілікті, тұрақтылық пен өңірлік қауіпсіздікті нығайту саласындағы өзара мүдделестігін көрсетеді.