Жаңалықтар

Қазақстандық депутат Ресейге барғанда түрмеге қамалатынын айтты

Қазақстандық депутат Ресейге барғанда түрмеге қамалатынын айтты
Фото: Айдос Сарым / © El.kz 22.01.2024 17:18 1059

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Ресейге барса темір торға қамалатаныны туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Мәжілісмен Ресей заңы бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол ресейлік журналист Тина Канделакидің Қазақстанға кіруіне тыйым салынатыны туралы ақпаратқа жауап беріп, бұл дұрыс екенін айтты.

Мен өзім де Ресейде 2070 жылға дейін нон-грата персонасы деп танылғанмын. Елдің Федерал қауіпсіздік қызметі (ФСБ-еск.) маған ескерту жіберген, яғни шекарадан өтсем 7 жылға дейін қылмыстық қудалауға тап болуым мүмкін. Беларусьте де солай... Ешкім ештеңе түсіндірген жоқ, - деп жазды Айдос Сарым Telegram-арнасында.

Айта кетейік, Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ресейлік журналист Тина Канделакиге қатысты журналистердің сұрағына жауап берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға