Жаңалықтар

Қазақстандық делегация Берлин қаласында жасыл сутегі мен декарбонизация бойынша жобаны талқылады

Қазақстандық делегация Берлин қаласында жасыл сутегі мен декарбонизация бойынша  жобаны талқылады
Фото: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі 18.10.2023 02:45 1026

Берлиндегі сутегі дипломатиясы бойынша жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғи ресурстар мәселелері комитетінің төрағасы Е.Т. Жаңбыршин бастаған қазақстандық делегация Германия Федералдық Сыртқы істер министрлігінің Климаттық дипломатия, экономикалық мәселелер және технологиялар жөніндегі бас директоры Оливер Рентшлермен және Германия энергетикалық агенттігінің (dena) өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі энергетика министрлігіне сілтеме жасап. 

Қазақстандық делегация құрамына Қазақстанның мүдделі мемлекеттік органдары, ведомстволары, жеке сектор өкілдері және сала сарапшылары кірді. ҚР Энергетика министрлігінің атынан Энергетика вице-министрі Ж. Д. Нұрмағанбетов қатысты.

Неміс тарапы жаңартылған ұлттық сутегі стратегиясын және оның Германияның энергетикалық ауысуындағы рөлін таныстырды.

Талқылау барысында тараптар жасыл сутегі мен декарбонизация бойынша қазақстандық-германдық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Бұл ретте тараптар сутекті тасымалдаумен және сақтаумен байланысты ағымдағы геосаяси тәуекелдерді, сын-қатерлерді, сондай-ақ жаңа инфрақұрылым құру және жаһандық сутегі нарығын қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

Жұмыс сапары аясында келесі іс-шаралар жоспарлануда: климаттық бейтараптыққа қол жеткізудің жаңа жолдарын зерттеу мақсатында Солтүстік германдық NRL зертханасына бару, ThyssenKrupp AG халықаралық өнеркәсіптік машина жасау және болат өндірісі конгломератының жұмысымен танысу, Карлсруэ техникалық университетіне бару және Еуропалық Комиссия өкілдерімен кездесу жоспарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға