Қазақстандық бұрымды боксшылар Бакуде жүлдегер атанды
15.04.2025 19:02
Фото:
Olympic.kz
Бокстан Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан «Жібек жолы» турнирінде Қазақстан әйелдер құрамасы жалпы саны тоғыз жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алтын медальді Элина Базарова (54 келіге дейін) мен Виктория Байдукова (57 келіге дейін) жеңіп алды.
Күміс жүлдені Анжа Сәдуақасова (52 келіге дейін) иеленді.
Қола медаль иегерлері қатарында Гүлназ Бөрібаева (48 келіге дейін), Элянур Тұрғанова (50 келіге дейін), Томирис Мырзақұл (52 келіге дейін), Сымбат Әлиасқар (54 келіге дейін), Әзиза Исина (70 келіге дейін) және Дина Исламбекова (81 келіден жоғары) сынды боксшылар бар.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

