Қазақстандық бойжеткеннің UFC-дегі айқасы өтпейтін болды
20.09.2023 16:03
Фото:
instagram.com/mma.mashka
UFC-дегі алғашқы қазақстандық бойжеткен Мария Агапова (10-4) октагонға 7 қазанда оралуы керек болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл күні ол UFC Vegas 80 аясында америкалық Монтана Де Ла Росамен (12-8-1) кездесу өткізуі керек еді, алайда бұл айқас өтпейтін болды.
Оқи отырыңыз:
- Еліміздің танымал боксшысы тұрмысқа шығады
- «Өзімді сымбаттымын деп санаймын»: Ерке Есмахан суретін жариялады
Ecosystem тілшісі Крис Преснеллдің сөзіне қарағанда, бұл айқастың өтпей қалуына Агапованың виза мәселесінің шешім таппауы себеп. қазір осы мәселе қарастырылып жатқан көрінеді, алдағы уақытта қазақстандықтың жекпе-жегінің уақыты нақтыланады.
Агапова 2022 жылғы қыркүйектен бері айқасқан жоқ. Ол кезде жерлесіміз екінші раундта канадалық Джиллиан Робертсоннан (12-8) ұтылып қалған. UFC-де Мария үш рет жеңіліп, екі рет жеңіске жеткен.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

