30 Маусым 2025, 19:00

Қазақстандық боксшылардың алғашқы күні қалай өтті?

Бүгіннен бастап Астанада бокстан World Boxing ұйымының Әлем кубогы басталды! ?? Бұл — Қазақстанда алғаш рет өтіп жатқан дүбірлі дода. 30-дан аса елден келген 300-ге жуық үздік боксшы шаршы алаңда бақ сынауда.

Алғашқы күні еліміздің 5 мақтанышы жұдырықтасуда:

 Назым Қызайбай — канадалық Пианха Дхилонмен;

 Әнел Сақыш — германиялық спортшымен;

 Виктория Графеева — жапониялықпен;

 Наталья Богданова — үндістандықпен;

 Абылайхан Жүсіпов — қырғызстандық Алмаз Оразбековпен кездесті.

Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан бәсекеге кіру — тегін!

 Күндізгі сессия — 14:00

 Кешкі сессия — 19:00

Финал — 6 шілде