Қазақстандық боксшы төрт жылға спорттан шеттетіледі
Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz
07.04.2023 17:49
734
Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Саматәлі Төлтаев тыйым салынған затты пайдаланды деген күдікке ілінді. Енді Саматәлі төрт жылға бокстан шеттетілуі мүмкін деген ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Bassport.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық бокс федерациясының мәліметінше, 60 келіде сынға түсетін боксшысының алғашқы допинг сынамасы оң нәтижеге берген. Екінші сынама қашан алынатыны белгісіз.
Бүгінде осы іске қатысты тексеріс жұмыстарын Халықаралық допингке қарсы агенттік (WADA) жүргізіп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шавкат Рахмонов Түркістанда спорт мектебін ашуы мүмкін
Келесі жаңалық
Астанадан 13 мың текше метр қар шығарылды