Қазақстандық биатлоншылар Әлем кубогы кезеңіне қатысады
09.01.2025 14:26
Фото:
ҚР ҰОК
Бүгін, 9 қаңтар күні, Германияның Оберхоф қаласында биатлоннан Әлем кубогы кезекті кезеңі басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жарысқа Қазақстан құрамасының атынан сегіз спортшы қатысады. Аталмыш турнирде Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев, Вадим Куралес, Ольга Полторанина, Арина Крюкова, Полина Егорова және Галина Вишневская-Шепоренко өнер көрсетеді.
Алғашқы жарыс бүгін әйелдер арасында өтеді. Басталуы – Астана уақытымен 18:20-да.
Әлем кубогы кезеңі 12 қаңтарда аяқталады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

