Қазақстандық биатлоншылар әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді
EL.KZ Информационно-познавательный портал
11.01.2023 21:14
Фото:
olympic.kz
Бүгін, 11 қаңтарда Рупольдингте (Германия) биатлоннан Әлем Кубогының кезеңі басталды. Жеке жарысқа қатысу үшін Қазақстанның ерлер командасының құрамы белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Үш қазақстандық биатлоншы жарысқа шығады. Рейтингтік ұпайлар үшін Владислав Киреев, Сергей Сирик және Данил Белецкий күреседі.
Айта кетейік, қатысушылар 20 шақырымды еңсеруі керек.

