Қазақстандық бес боксшы халықаралық турнирде үздік нәтиже көрсетті
10.06.2025 00:29
Фото:
instagram.com/zhakpekov.jr
Нидерландта өтіп жатқан Eindhoven Boxcup халықаралық турнирінде Дәулет Төлемісов, Ерасыл Жақпеков және Нұрлан Сапарбай жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
80 келі салмақта Ерасыл Жақпеков финалда украиналық Артур Касиановпен кездесіп, 5:0 есебімен айқын жеңіске жетті. Ал 85 келі салмақ дәрежесінде Дәулет Төлемісов те дәл сондай сенімділікпен украиналық Микола Лактионовты 5:0 есебімен ұтып, алтын медаль иеленді. Аса ауыр салмақта Нұрлан Сапарбай Деннис Охиодан (Германия) айласын асырып, Нидерландтағы Eindhoven Boxcup халықаралық турнирінде үздік шықты.
Бұған дейін бұл жарыста 70 келіде Абылайхан Жүсіпов және 50 келіде Даниял Сәбит те қарсыластарын жеңіп, чемпион атанған болатын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

