Қазақстандық балуандар Венгриядағы турнирде жеті медальға қол жеткізді
21.07.2025 14:44
Фото:
ҚР ҰОК
Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен «Polyák Imre & Varga János Memorial» турнирі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстандық балуандар аталмыш турнирде 7 медальға қол жеткізді.
Еркін күрестен 61 келі салмақта белдескен Асылжан Есенгелді қола жүлдеге ие болды.
Грек-рим күресінен Марлан Мұқашев (55 келі) күміс медаль еншіледі. Ал Ержет Жарлықасын (63 келі) және Әлімхан Сыздықов (130 келі) қола медальға ие болды.
Әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова (72 келі) күміске қол жеткізсе, Нилуфар Раимова (57 келі) және Эльмира Сыздықова (76 келі) жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

