Қазақстандық балуандар Түркияда алтын жүлдеге қол жеткізді
29.06.2025 11:14
Фото:
gov.kz
Түркияның Коджаэли қаласында өтіп жатқан еркін күрестен Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Каплан атындағы халықаралық турнирде біздің 3 спортшымыз жүлделі болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тұғыр сатысына көтерілгендер:
Нұрқожа Қайпанов (-74 кг) 1-орын
Азамат Дәулетбеков (-86 кг) 2-орын
Ризабек Айтмұхан (-97 кг) 1-орын
Нұрқожа финалда Рамазан Рамазановтан (Болгария), Ризабек Ахмед Магомаевтан (Болгария) басым түсті. Ал Азамат Дәулетбеков финалда Әли Цокаевқа (Әзірбайжан) есе жіберді.
Айта кетейік, Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Капланды еске алуға арналған халықаралық турнир бүгін аяқталады. Шешуші жарыс күні еркін күрес шеберлері қалған салмақта кім мықтыны анықтайды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

