Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореядағы турнирде алты жүлде жеңіп алды
26.11.2024 16:39
Фото:
ҚР ҰОК
Санджу қаласында (Оңтүстік Корея) күрес түрлерінен өткен Korea Open халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстандық спортшылар бұл жарыста алты медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Olympic.kz мәліметінше, Эльмира Сыздықова жарысты алтынмен аяқтады. Ол 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды.
Грек-рим күресінде Айбек Айтбеков (60 келі) пен Диас Сейітқалиев (77 келі) финалға дейін жеткенімен, шешуші белдесулерде жеңіліс тапты. Нәижесінде күміс медаль иеленді.
Үшінші орынды Мақсат Сайлау, Темірлан Тұрдақын (екеуі де 87 келі салмақта), және Нұрасыл Аманәлі (97 келі) иеленді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

