instagram.com/drs_kz

Қазақстандық балуандар халықаралық турнирде 12 медаль жеңіп алды

23.04.2023 11:43

Қазақстан ерлер құрамасы грек-рим күресінен Испанияда топ жарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Испанияның Ла-Нусия қаласында күрес түрлерінен халықаралық турнир өтіп жатыр. Бәсекеде грек-рим күресінен Қазақстан ерлер құрамасы  1-орын иеленді. Оның жетеуі алтын, төрт күміс және бір қола.

Сондай-ақ әйелдер күресінен қазақстандық балуандар 8 алтын, 2 күміс медальмен екінші орын алды.