ҚР ҰОК

Қазақстандық балуан U20 әлем чемпионатының финалына шықты

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Диас Сейітқалиев Самоковта (Болгария) өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қазақстандық балуан 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде кем дегенде күміс медальді өзіне қамтамасыз етті.

Жартылай финалда Диас жапониялық Тайзо Ёсидоға еш мүмкіндік бермей, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Айта кетейік, өткен жылы Ёсидо ересектер арасындағы Азия чемпионатында топ жарған болатын.

Финалда Сейітқалиевтің қарсыласы ресейлік Михаил Шкарин болады.