Қазақстандық балуан Азия чемпионатының финалына шықты
26.03.2025 18:06
Фото:
ҚР ҰОК
Қазақстандық балуан Омар Сатаев грек-рим күресінен Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль үшін бақ сынайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда сенімді жеңіске жетті.
Бұл кезеңде қазақстандық спортшы жапониялық Тайзо Ёшидоны мерзімінен бұрын ұтып, финалға шықты.
Айта кетейік, бұған дейін Бақытжан Қабдыл (60 келі), Мейіржан Шермаханбет (67 келі), Әділхан Сатаев (72 келі) және Ілияс Гучигов (97 келі) қарсыластарына жол берді.
Егер олардың қарсыластары финалға шықса, қазақстандық спортшылар қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

