Жаңалықтар

Қазақстандық балмұздақтан ішек таяқшалары табылғаны рас па

Қазақстандық балмұздақтан ішек таяқшалары табылғаны рас па
Фото: ©pixabay.com 31.05.2024 12:17 889

Ресейлік мамандар қазақстандық балмұздақ брендінің өнімдерінен ішек таяқшаларын анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сапаны бақылау ұйымының сарапшылары 38 өндірушінің тәттілерін зерттеген, олардың ішінде «Шин Лайн» брендінің «Мишка на полюсе» балмұздағы бар. Сарапшылар мұндай бактериялар термиялық өңдеуден өтпеген өнімдерде болуы мүмкін екенін атап өтті.

Осы жайтқа қатысты «Шин Лайн» компаниясы мәлімдеме жасады.

Шин-Лайн компаниясының сарапшылары жазда микробиологияға қатысты шағымдардың себебі көтерме және бөлшек сауда нүктелеріндегі жүктерді тасымалдау және сақтау талаптарының бұзылуынан болуы мүмкін деп санайды, – делінген компанияның хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға