Жаңалықтар

Қазақстандық балалар Өзбекстандағы оңалту орталығында тегін емделеді

Қазақстандық балалар Өзбекстандағы оңалту орталығында тегін емделеді
Фото: © Pixabay.com 26.05.2024 07:30 533

Өзбекстанның белгілі кәсіпкері туа бітті сал ауруына шалдыққан қазақстандық балаларға көмектеседі, деп хабарлайды 24.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Кәсіпкер өзінің оңалту орталығында балаларды тегін емдеуге дайын. Екі ел арасындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту мақсатында Өзбекстанның ірі компаниялар тобының басшысымен церебральды сал ауруына шалдыққан балаларды емдеу туралы меморандумға қол қойылды.

Бастама Қазақстанның Самарқандтағы бас консулдығы арқылы жүзеге асып отыр.

Самарқандағы клиникада ай сайын 12 бала ем алады. Әр 10 күн сайын 180 бала оңалту курсынан өтеді. Негізінен мұнда сырқаттың жеңіл және ауыр сатысындағы өзбекстандық балалар тегін ем қабылдайды. 

Айына тегін 12 балаға және 12 қасында жүретін ата-анасына тегін ем беріледі. Ол тек ем емес, Өзбекстан тарапы біздің шекаралас облыстарымызда тұратын біздің азаматтарымызға жататын жерлері, тамақтандыру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету көмегін көрсетеді. Өйткені, жол-пұлын олар өздері көтереді,- Қазақстанның Самарқандтағы Бас консулы Бауыржан Досманбетов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға