ҚР ҰОК

Қазақстандық бадминтоншы Камерунде күміс жүлдегер атанды

Қазақстан бадминтон құрамасының көшбасшысы Дмитрий Панарин Камерун астанасы Яундеде өткен ірі халықаралық турнирдің финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ерлер арасындағы жекелей сайыстың шешуші ойынында қазақстандық спортшы Индонезия өкілі Прадиска Шудживомен кездесті.

Кездесу қарсыластың пайдасына 2:0 есебімен (21:13, 21:7) аяқталды.

Осылайша, Панарин жарысты екінші орынмен тәмамдады.