Жаңалықтар

Қазақстандық әйелдердің өз өміріне көңілі толмайды – статистика

Қазақстандық әйелдердің өз өміріне көңілі толмайды – статистика
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 21.07.2023 09:37 843

2023 жылдың наурыз айында жүргізілген «Халықтың тұрмыс сапасы» зерттеу қорытындысы бойынша респонденттердің 41,8% өз өмірлеріне қанағаттанған, бұл ретте олардың үлесі ауылдық жерлерде – 46,5% (қалада – 39,6%). Өз өміріне қанағаттанған ер адам үлесі – 45,4%, әйелдерде – 39,5%, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

2022 жылғы осы тектес зерттеумен салыстырғанда респонденттердің өміріне қанағаттану деңгейі 0,5 п. т. өсті (2022 жылы – 41,3%). Ал 2021 жылға қарағанда 19,5 п. т. төмен (2021 жылы – 61,3%).

денсаулығына қанағаттанғандар – 47,6%
ішінара қанағаттанғандар – 49,3%
жедел жәрдем қызметінің сапасына қанағаттанғандар – 56,1%
қаржылық жағдайына қанағаттанғандар – 34%

Материалдық қамтамасыз ету деңгейі (дәулеті) бойынша өздерін келесі топқа жатқызатындар:
орташа деңгейге – 72,2%
төмен деңгейге – 0,3%
жоғары деңгейге – 1%

Оқи отырыңыз:

Үй шаруашылықтарының дәулеті жағынан төмен не орташа деңгейден төмен болуының негізгі себептері: төмен еңбекақы – 92,7% және төмен зейнетақы – 1,4%.

Жұмыс істейтін халықтың жұмыспен қамтылу мәртебесіне байланысты: 94,4% - негізгі себеп төмен жалақы деп атап өтті, ал жұмыссыздардың негізгі себебі, тиісінше, жұмыстың болмауы - 78,5%.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға