Қазақстандық ауыр атлет Денис Полубояринов Азия чемпионы атанды
09.07.2025 02:30
Фото:
ҰОК баспасөз қызметі
Қазақстандық ауыр атлет Денис Полубояринов Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия біріншілігінде чемпион атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дениске тең келер ешкім болмаған. Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 376 (163+213) келі көтеріп, жарыста топ жарды. Сондай-ақ, серпе көтеру сайысында Азия рекордын жаңартты.
Екінші орынға өзбекстандық Руслан Рахматжонов орналасып, 345 (155+190) келіні бағындырды. Үшінші орынды Бахрейн өкілі Джон Мурилло иеленді. Оның көрсеткіші 334 (154+180) келі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

