Қазақстандық әуе көліктері Новосибирск қаласына қайта ұша бастайды
21.11.2023 07:16
Фото:
© Pixabay.com
Мәскеу қаласында өткен көлік апталығы аясында Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев ресейлік әріптесі Виталий Савельевпен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тараптар екі ел арасындағы әуе қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады. Екіжақты кездесудің қорытындысы бойынша Qazaq Air әуе көліктерінің Новосибирск қаласына қайта ұша бастауы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Осылайша, желтоқсан айынан бастап аталған әуе компаниясы Астана–Новосибирск бағыты бойынша рейстерді аптасына 5 рейске дейін және Өскемен–Новосибирск бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілікпен орындауды жоспарлап отыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

