Жаңалықтар

Қазақстандық әскерилер ҰҚШҰ-ның «Эшелон-2022» оқу-жаттығуын қорытындылады

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді
Қазақстандық әскерилер ҰҚШҰ-ның «Эшелон-2022» оқу-жаттығуын қорытындылады
Фото: gov.kz 15.11.2022 19:55 1004

Бейнеконференцбайланыс режимінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы жұмыс тобының отырысы өтті. ҰҚШҰ-ның Ұжымдық күштерін материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз ету мәселелерін талқылауға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов қатысты, деп хабарлайды El.kz.

«Эшелон-2022» ҰҚШҰ Жедел әрекет ету ұжымдық күштерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету күштері мен құралдарының арнайы оқу-жаттығу қорытындылары туралы Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Тыл штабының бастығы полковник Николай Маслов баяндама жасады.

Кездесуге қатысушылар ҰҚШҰ Ұжымдық күштерін қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін материалдық құралдар қорларын құру жөнінде нормативтік құжаттарды дайындау мәселелерін, Ұйым контингенттері арасында материалдық құралдарды беру бойынша өзара есеп айырысу тәртібіне қатысты ұсынымдарды қарады.

Отырыста дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде әскерлер топтарын жедел орналастыру барысында әуе кемелеріне қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін материалдық қорлар құру туралы да айтылды.

Одан басқа, әскери ғылым саласындағы ынтымақтастық және ҰҚШҰ Ұжымдық күштерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мәселелері төңірегінде пікір алмасылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға