Қазақстандық әскери қызметші әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
13.07.2025 14:01
Фото:
gov.kz
Таиландтың астанасы Бангкокта тай боксынан әскерилер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әлем біріншілігіне Таиланд, Шри-Ланка, Сауд Арабиясы, Түркия, Польша, Иран, Қазақстан, Өзбекстан, Пәкістан, Бахрейн және Бельгиядан келген 80-нен астам спортшы қатысуда.
ҚР Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшісі лейтенант Жандос Мадехиянов еліміздің атынан барған жалғыз спортшы болды.
Қазақстандық жалғыз барса да, жәй жауынгер еместігін дәлелдеді. Тартысты жекпе-жекте Жандос Мадехиянов 60 келіге дейінгі салмақта үшінші орын еншілеп, елге қоламен оралып жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

