Қазақстандық әнші «Славян базары» байқауында Гран-приге ие болды
14.07.2023 09:40
Фото:
president.gov.by
12 жасар Шерхан Арыстан Беларусьте өткен «Славян базары» байқауының ашылу салтанатында арнайы сыйлық алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ән байқауы Витебскіде өтіп жатыр.
Жас орындаушыға фестивальдің әділқазылар алқасы ең жоғары балл берген. Осылайша ол байқаудың алғашқы күнінде Андреа Бочелли, Дэвид Фостер мен Эми Фостердің Ama, Credi e Vai («Сүй, сен және бар») әнін орындап, 70 балл алған. Екінші күнінде де Шерхан Арыстан 70 балға қол жеткізді, деп жазады Белта.
Басылым мәліметінше, қазақстандық жас өнерпаз әділқазы алқасын ерекше дауысымен баурап алған. Ал Шерханның өзі Қазақстанда танымал болғысы келетінін айтады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

