Жаңалықтар

Қазақстандық әнші харассмент бойынша айыпталған әкесіне қатысты пікір білдірді

Қазақстандық әнші харассмент бойынша айыпталған әкесіне қатысты пікір білдірді
Фото: instagram.com/dequiine 06.09.2024 18:35 539

Dequine лақапатымен танымал қазақстандық әнші Данеля Садықова әкесі, экс-депутат Асқар Садықов харассмент бойынша айыпталып, мандатынан айырылған соң мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Dequine өзінің Instagram-парақшасында кімге сенерін білмей қалғанын жазуда.

Сіздер секілді мен де аң-таңмын. Шыны керек, кімге сенерімді, не айтарымды білмеймін. Харассменттен өткен адам ретінде болып жатқан оқиға – мен үшін нағыз стресс, - деді әнші.

Өнер иесі зорлық-зомбылықтың кез келген түрін айыптайтынын алға тартты.

Бұл жайт өмірімдегі екі ең басты құндылықтың: отбасым мен әйел құқығының быт-шытын шығарды. Осыдан бірнеше жыл бұрын да харассменттің кез келген түріне қарсы екенімді айтқанмын, сол ұстанымымнан бас тартқан жоқпын. Зорлық-зомбылықтың кез келген түрін айыптаймын. Қиын-қыстау уақытта қолдау көрсеткен жандарға алғыс айтамын, ол мен үшін өте маңызды, - деп жазды Dequine.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға