Қазақстандық Әмір Омарханов Кореядағы теннис турнирінде жеңімпаз атанды
27.10.2024 05:43
Фото:
KTF
Оңтүстік Кореяның Ванджу қаласында ITF J300 сериясындағы жасөспірімдер турнирі аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлдар арасындағы турнирдің бірінші нөмірлі жұбы Әмір Омарханов пен Хойонг Рох (Корея) финалда корейлік Йенсу Джейонг/Джангжун Ким жұбын 6:2, 6:2 есебімен ойсырата жеңді.
Қыздар арасында Малика Әмірғалиева Ю Чен Лимен бірге чемпиондық үшін болған матчта корейлік Йесунг Чо/Су Джонг жұбына 6:1, 5:7, 8:10 есебімен есе жіберді.
Жігіттер арасындағы жекелей сында Азияның 16 жасқа дейінгі бірінші ракеткасы Занғар Нұрланұлы жартылай финалға дейін жетіп, онда жарыстың бірінші ракеткасы, ITF Juniors рейтингі бойынша әлемнің 12-ракеткасы корейлік Хойонг Рохқа 4:6, 1:6 есебімен есе жіберді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

