Жаңалықтар

Қазақстандық Alaqan биометрия қызметі шетел нарығына шығады

Қазақстандық Alaqan биометрия қызметі шетел нарығына шығады
Фото: t.me/KZgovernment 05.11.2024 16:52 1636

Alaqan қазақстандық биометриялық сервисі Шанхайдағы VII Қытай халықаралық импорт көрмесінде таныстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, бірегей жобаның авторлары қытайлық кәсіпкерлермен, сондай-ақ басқа елдердің серіктестерімен жаңа байланыс орнатуға ниетті. 

Alaqan – бұл қауіпсіз әрі ыңғайлы төлемдер, қол жеткізуді бақылау және деректерді есепке алу үшін алақан тамырларының суреті бойынша жеке тұлғаны сәйкестендіру саласында пайдаланатын инновациялық биометриялық жүйе. Технология карталарды, қолма-қол ақшаны немесе мобильді құрылғыларды қажет етпестен төлем жасауға және авторизациялауға мүмкіндік береді, бұл инфрақұрылыммен байланыссыз әрі қорғалған өзара әрекеттесу әдісін қамтамасыз етеді.

Бұл жүйе адамға әрекет еркіндігін береді. Біздің жүйеміз қазірдің өзінде мектептерде қолданылып келеді және Alaqan Mektep экожүйесі ретінде белгілі. Оның арқасында бала алақанының көмегімен мектепке кіреді, тамақ сатып алады, кітапханадан кітап алады, шкафын ашады және мұның бәрін ата-аналар бақылай алады. Бүгінгі таңда Alaqan Mektep жүйесі бірнеше өңірдің оқу орындарында енгізілді, қазірдің өзінде 300-ге жуық мектеп қосылды. Біз шетелде араб елдерінде де жобамызды ұсындық, онда біздің әзірлемеміз төлем жүйесі ретінде қолданылады. Ертең біз Сингапурға ұшқалы отырмыз, яғни, Оңтүстік-Шығыс Азия нарығын игереміз, — деп атап өтті Alaqan компаниясының негізін қалаушы Берік Нұрымбетов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға