Жаңалықтар

Қазақстандық аграрлық ЖОО Ресей университеттерімен ынтымақтастықты күшейтеді

Қазақстандық аграрлық ЖОО Ресей университеттерімен ынтымақтастықты күшейтеді
Фото: ҚР АШМ 23.11.2024 21:40 386

Қазақстанға жұмыс сапары барысында РФ ауыл шаруашылығы министрі Оксана Лут аграрлық ғылымның дамуымен және ҚР агроөнеркәсіптік кешеніне кадрлар даярлау жұмысымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

АШМ мәліметінше, делегация мүшелеріне А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының қызметімен ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдабек Сапаров таныстырды. Онда оларға қазақстандық астық шаруашылығының тарихы мен жетістіктерімен, қазақстандық ғалымдардың селекциялық жұмысының нәтижелері көрсетіліп, Орталық жұмысы Ресей тарапының қызығушылығын арттырды.

Министр екі мемлекетте де ауыл шаруашылығын одан әрі тұрақты дамыту үшін негіз болып табылатын тұқым шаруашылығы мен селекция саласындағы Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы мен перспективаларын атап өтті.

Айта кетейік, А.И. Бараев атындағы ғылыми орталық Ресейдің ғылыми мекемелерімен интеграцияны белсенді түрде дамытуда, соның ішінде "Н.И. Вавилов атындағы Бүкілресейлік өсімдіктердің генетикалық ресурстары институты" ФМБҒМ-мен және Алтай ауыл шаруашылығы ҒЗИ" ФМБҒМ-мен тәжірибе және генетикалық ресурстармен алмасуда.

Институттармен ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы шарттар шеңберінде ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын құру бойынша бірлескен зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Ресей делегациясының мүшелері С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде болды, ол Ресейдің 28 ғылыми және білім беру мекемелерімен, соның ішінде Сібір Мемлекеттік Геодезиялық Академиясы және Урал мемлекеттік аграрлық университетімен белсенді жұмыс істейді. ЖОО студенттері өз жобаларын таныстырды.

Қонақтар ЖОО-ның материалдық-техникалық базасын, сондай-ақ зертханаларды тамашалады.
Бүгінгі таңда ресейлік аграрлық жоғары оқу орындарында Қазақстаннан 64 студент, Ресейден 44 студент оқиды, бұл екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы білім беру ынтымақтастығына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға