Жаңалықтар

Қазақстандық 157 оқушы математикадан халықаралық олимпиадаға қатысады

Қазақстандық 157 оқушы математикадан халықаралық олимпиадаға қатысады
Фото: gov.kz 13.03.2023 16:19 1440

Азия-Тынық мұхиты және «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадалары басталды. Ел намысын әр өңірден қатысатын 157 оқушы қорғайды. Олар «Математика» пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезең жеңімпаздары мен жүлдегерлері, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, зияткерлік жарыстар математика ғылымдары саласындағы дарынды оқушыларды анықтауға, шараға қатысушы елдер арасында халықаралық білім беру және ғылыми байланыстарды дамытуға бағытталған.

Қазақстаннан бұл олимпиадаларға жыл сайын 120-дан аса оқушы қатысады. 2003 жылдан бастап біздің олимпиадашылар 65 алтын, 182 күміс және 302 қола медаль жеңіп алды, - дейді «Дарын» РҒПО зияткерлік іс-шараларды ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі Абай Дүйсен.

Айта кетейік, Азия-Тынық мұхиты халықаралық олимпиадасына Аргентина, Австралия, Канада, Гонконг, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Малайзия, АҚШ, Түркия, Мексика секілді 38 ел қатысады. Ал, «Жібек жолы» олимпиадасында Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан елдердің дарынды оқушылары жарысады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға