Жаңалықтар

Қазақстандық 100-ден астам әйел сайлауға қатысу бойынша оқудан өтті

Қазақстандық 100-ден астам әйел сайлауға қатысу бойынша  оқудан өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 25.09.2024 17:39 415

Әйелдердің саяси белсенділігі мен көшбасшылық қасиетін арттыруға бағытталған тренингтер аяқталды. Іс-шараны Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Тренингтер Көкшетау, Орал, Өскемен, Петропавл және Шымкент қалаларында өтті. Оған сайлауға түскен немесе жоспарлаған 100-ден астам әйел, ҮЕҰ басшылары, азаматтық қоғам белсенділері қатысты. Үш күндік оқу бағдарламасы саяси көшбасшылық пен науқанды басқарудың негізгі мәселелерін қамтыды.

Бірінші күні қатысушылар трансформациялық көшбасшылық қағидаттарымен танысты. Екінші күні сайлау округін талдау, саяси партиялармен жұмыс істеу және жеке оқиғаны баяндау негіздері үйретілді.

Үшінші күн сайлаушылармен стратегиялық өзара байланыс, фандрайзинг және қаржылық жоспарлау тақырыбына арналды.

Тренинг соңында қатысушыларға сертификаттар ұсынылып, сарапшылар тарапынан баға беріліп, ұсыныстар айтылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға