Жаңалықтар

Қазақстандағы жаңалықтарды үнемі бақылап отырамын – Абдулла Гүл

Ол Астанада өтіп жатқан "Біздің ел – біздің таңдау" онлайн марафоны барысында пікір білдірді
Қазақстандағы жаңалықтарды үнемі бақылап отырамын – Абдулла Гүл
Фото: aa.com.tr 20.11.2022 11:03 1357

Астанада өтіп жатқан "Біздің ел – біздің таңдау" онлайн марафоны барысында Түркияның бірінші Президенті, Түрік мемлекеттік және саяси қайраткері Абдулла Гүл еліміздегі сайлау науқанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"Мен Қазақстандағы жаңалықтарды қашанда бақылап отырамын. Президент болып тұрған кезімде де бірнеше рет барған едім. Екі елдің арасындағы байланысты өте жоғары деңгейде бекіттік. Алғашқы 30 жылда Қазақстанның тәуелсіздігінің бекуі, саяси бірлігінің сақталуы және үлкен көршілермен территориялық тұтастық мәселесін шешуі, экономикалық іргетасын бекітуі сәтті жүзеге асты. Қазақстанның алдағы уақытта өте мықты, өмірдегі жарқыраған жұлдыз халіне келуі үшін өзін жаңғыртуға, әлемдік демократиялық әрі экономикалық нормаларына теңесуі қажет. Қазақстанның іргетасы берік қаланды. Болашақта экономикасы мықты дамыған Қазақстан құрылуы қажет. Бүкіл қазақ бауырларыма сүйінпеншілігімді, шын ықыласымды білдіремін. Сайлаудың сәтті, тыныштықта өтуін тілеймін!, - деді экс-Президент Абдулла Гүл.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға