Жаңалықтар

Қазақстандағы төтенше жағдай кезінде қолданылатын ұшақтар - фоторепортаж

Қазақстандағы төтенше жағдай кезінде қолданылатын ұшақтар - фоторепортаж
Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов 18.06.2024 16:17 703

Астанада 3656 әскери бөлімінде журналистерге арналған пресс-тур өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

3656 әскери бөлімінде еліміздегі төтенше жағдайға арналған ұшақтар мен тікұшақтар орналасқан.  

Қазақстандағы төтенше жағдай кезінде қолданылатын ұшақтар - фоторепортаж©El.kz/Артем Чурсинов

Бұл ұшақтар мен тікұшақтар еліміздегі су тасқыны кезінде тұрғындарды эвакуациялауға, гуманитарлық көмек жіберуге және медицина қызметкерлері мен төтенше жағдай мамандарын жеткізуде қолданылған.

Қазақстандағы төтенше жағдай кезінде қолданылатын ұшақтар - фоторепортаж

Қазақстандағы төтенше жағдай кезінде қолданылатын ұшақтар - фоторепортаж©El.kz/Артем Чурсинов

Су тасқыны кезінде тікұшақтың көмегімен 800 адам құтқарылған.

Тасқын кезінде Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарындағы тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары осы тікұшақтардың көмегімен жасалды. Құтқару жұмыстарына 4 тікұшақ қатысты. Балаларды, қарттарды, жарақат алған азаматтарды тікұшақтардың көмегімен эвакуацияладық, - деді Әлібек Малгаджаров авиация бойынша радиоэлектрондық жабдықтарға қызмет көрсету және регламенттеу тобының аға технигі.

Қазақстандағы төтенше жағдай кезінде қолданылатын ұшақтар - фоторепортаж©El.kz/Артем Чурсинов

Қызыл судан жапа шеккен тұрғындарға дәрі-дәрмек, жылы киім-кешек және құтқарушыларға қажетті техникалар мен мотопомпалар жеткізілген.

Қазақстандағы төтенше жағдай кезінде қолданылатын ұшақтар - фоторепортаж©El.kz/Артем Чурсинов

Ұшақтар 20 тоннаға, ал тікұшақтар 10 тоннаға дейін гуманитарлық жүк тасымалдауға қауқарлы.

Қазақстандағы төтенше жағдай кезінде қолданылатын ұшақтар - фоторепортаж©El.kz/Артем Чурсинов

Тікұшақтар көбінесе барлау жұмыстарын жүргізуге қолданылады.

Қазақстандағы төтенше жағдай кезінде қолданылатын ұшақтар - фоторепортаж©El.kz/Артем Чурсинов

МИ-171 Е – ұшағы транспорттық тік ұшағы, салмағы 8 тоннаға жетеді. Транспорт ретінде 27 адамды, 4 тоннаға дейін жүкті тасымалдай алады, 12 адамға арналған санитарлық орын бар, - деді тікұшақ бортсерігі Арман Пірімбаев.  

Таяу Шығыста жер сілкінісі болған кезде 3656 әскери бөліміндегі ұшақтармен Түркия мен Сирияға гуманитарлық көмек жолданған.

Қазақстандағы төтенше жағдай кезінде қолданылатын ұшақтар - фоторепортаж©El.kz/Артем Чурсинов

Орман өрті кезінде де тікұшақтардың көмегімен өрт сөндірілген.

Қазақстандағы төтенше жағдай кезінде қолданылатын ұшақтар - фоторепортаж

Қазақстандағы төтенше жағдай кезінде қолданылатын ұшақтар - фоторепортаж©El.kz/Артем Чурсинов

Полиция қызметкерлері күніне орай ауыр атлет, ІІМ Әскери-тергеу департаментінің қызметкері Бауыржан Камалиев 32 тоннаны құрайтын «AH-74TK-200» ұшағын бірнеше метрге дейін орнынан  жылжытып, өзінің бесінші әлемдік рекордын орнатуға тырысты.

Қазақстандағы төтенше жағдай кезінде қолданылатын ұшақтар - фоторепортаж©El.kz/Артем Чурсинов

Менің бірінші рекордым – 276 тоннаны құрайтын 2 локомотив. Одан кейін 42 тонналық FlyArystan-ның ұшағы болды. Сонымен қатар 10 «Toyota Land Cruiser 200»  көлігін сүйредім. Бұдан басқа 2 рекордым ресми рекорд санатына енгізілмей қалды. Былтыр тікұшақты да сүйредім, - деді Бауыржан Камалиев.  

Қазақстандағы төтенше жағдай кезінде қолданылатын ұшақтар - фоторепортаж©El.kz/Артем Чурсинов

Ауыр атлет болғандықтан, спортпен күнделікті айналысамын. Жаман әдеттерге мүлде жақын емеспін. Бұл бесінші рекордты орнатуға екі күн ғана дайындалдым. Жастарды спортпен айналысуға, әскерге баруға шақырамын, - деп өз әсерімен бөлісті.

Қазақстандағы төтенше жағдай кезінде қолданылатын ұшақтар - фоторепортаж©El.kz/Артем Чурсинов

Пресс-тур аясында құқық қорғау органдарының ұшақ және тікұшақ паркімен танысуға мүмкіндік берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға