Жаңалықтар

Қазақстандағы су қоймаларының қазіргі ахуалы қай деңгейде

Қазақстандағы су қоймаларының қазіргі ахуалы қай деңгейде
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі 20.05.2024 20:17 633

Еліміздің су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстан аумағындағы су қоймаларындағы жағдай туралы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елімізге Ресей Федерациясы аумағынан су келіп жатыр. Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі - 573 см, Атырау облысының Махамбет ауылында – 1015 см. Жайық өзенінің деңгейі одан әрі көтеріледі деп күтілуде. «Қазсушар» мекемесінің жергілікті филиалының мамандары тасқын суын өткізу жұмысын жалғастырып жатыр. 

Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 96%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының екінші кезеңі жалғасу үстінде. 

Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы. Есіл өзенінде су тасқынының екінші кезеңі жалғасып жатыр.

Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 95%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 86,6%. Аймақта су тасқыны жалғасуда.

Абай облысындағы Шүлбі су қоймасы 68,3%-ға толды. Аймақта су тасқыны жалғасуда. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 99,7%-ға толы. Олардың барлығы штаттық кесте аясында жұмыс істеп тұр.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Су қоймаларында «Қазсушар» мамандарының кезекшілігі және су шаруашылығы жағдайының мониторингі жалғасуда. Су қоймаларына жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға