kurs.kz

Қазақстандағы шетел валютасының қазіргі бағамы жарияланды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындары бүгінгі шетел валютасының құнын ұсынды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Kurs.kz дерегіне сәйкес, Алматыдағы айырбас пунктерінде:

  • долларды 523,89 теңгеден сатып алып, 525,69 теңгеден сатып жатыр;
  • еуро 606,95 теңгеден қабылданып, 610,98 теңгеден сатылуда;
  • рубль 6,4 - 6,52 теңге диапазонында;
  • юань 74,16 - 76,68 теңге аралығында саудалануда.

Ал елордадағы бағамдар төмендегідей:

  • доллар 521,75 теңгеден сатып алынып, 528,75 теңгеден сатылып жатыр;
  • еуро 604,52 теңгеден қабылданып, 614,51 теңгеден берілуде;
  • рубльді 6,45 теңгеге сатып алып, 6,60 теңгеге сатады;
  • юань 74,91 теңгеден сатып алынып, 78,96 теңгеден ұсынылуда.

Айта кетейік, 13 қарашадағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 0,26 теңгеге төмендеп, 524,32 теңгені құраған.