Жаңалықтар

Қазақстандағы қонақүйлер 50,7 млрд теңгеге қызмет көрсетті

Қазақстандағы қонақүйлер 50,7 млрд теңгеге қызмет көрсетті
Фото: ©Pixabay.com 05.07.2024 12:11 608

2024 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстандағы қонақүйлер, демалыс орындары, хостелдер және басқа да орналастыру орындары 50,7 млрд теңгеге қызмет көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18% көп. Ал 2023 жылдың алғашқы үш айында еліміздегі орналастыру орындарында қызмет көрсету көлемі 43,1 млрд теңгені құраған.

Туристердің басым бөлігі Алматы, Астана қалаларына, сондай-ақ Алматы, Ақмола және Маңғыстау облыстарына тоқтаған.

Сондай-ақ орналастыру орындарының саны 156 бірлікке артып, 4004-ке жетті. Біржолғы сыйымдылық 7 мың төсек-орынға өсіп, жалпы 207 мың төсек-орыннан асты. Бұл – туристерді орналастыру мүмкіндігі айтарлықтай артқанын көрсетеді.

Қонақүйлер мен басқа да орналастыру орындарының ұсынған қызмет көлемінің ұлғаюы Қазақстанға туристік бағыт ретінде қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Біз туристік инфрақұрылымды дамытуды және елімізге келетін қонақтарға көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартуды жалғастырамыз, - деді Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға