Жаңалықтар

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері қандай

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері қандай
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 14.11.2024 13:34 370

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 730 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 122 теңге, базалық зейнетақы – 42 608 теңге, - делінген хабарламада.

Жыл басынан бастап республикалық бюджеттен 3 триллион 118,2 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 982,2 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 триллион 136 миллиард теңге қарастырылған.

2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 421 мың адам.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға