Жаңалықтар

Қазақстандағы көлеңкелі экономиканың деңгейі 2025 жылға қарай 15 пайызға төмендейді

Қазақстандағы көлеңкелі экономиканың деңгейі 2025 жылға қарай 15 пайызға төмендейді
Фото: ОКҚ 21.12.2022 10:41 3161

«Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес шеңберінде мемлекеттік кірістер органдарымен қабылданған шаралар туралы» тақырыбы аясында ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жұмысымыздың басты басымдықтарының бірі болып отыр дейді. Ол кешенді көзқарасты және бірқатар мемлекет органдарының қатысуын баяндады.

«Елді дамытудың ұлттық жоспары жалпы ішкі өнімге көлеңкелі экономиканың деңгейін 2025 жылға қарай 15 пайызға төмендету міндеті қойылып отыр. Осы міндеттерді шешу үшін Үкімет 2021-2023 жылға арналған кешенді жоспарды бекітті. Ол 54 тармақтан тұрады. Мемлекеттік кірістер комитеті 26 іс-шараны негізгі орындаушысы, ал 14 іс-шараны бірлесіп орындайды. Бүгінде оның 20 бағыты іске асты», – деді Данияр Еренғалиұлы.

Сонымен қатар Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы 18 000-ға жуық салықты тексеру жұмысы аяқталды деп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есе көп. Оның себебі дебиторлардың өзара есеп айырысуды айқындау және Еуразия экономикалық одағының мәселелері бойынша тақырыптық тексерулер санының ұлғаюында дейді.

«Бұл ретте 562 миллиард теңге қосымша салық есептелді. Ол өткен жылмен салыстырғанда 296 миллиардқа артық», – деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға