Жаңалықтар

Қазақстандағы газдың ең қымбат тарифі Назарбаевтың ауылында, оны көтерген Нұрбол Назарбаев – депутат

Қазақстандағы газдың ең қымбат тарифі Назарбаевтың ауылында, оны көтерген Нұрбол Назарбаев – депутат
Фото: t.me/mazhilis_kz 17.05.2023 11:20 9018

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай комитет отырысында  Алматы облысындағы газдың қымбат екенін айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алматы облысы, Қарсай ауданы Шамалған ауылында табиғи газдың ең қымбат тарифі тіркелген. Бұл – Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ауылы.

Алматы облысында Қарасай ауданы, Шамалған ауылынан екі аптадан бері хабарласып жатқандар бар.  Алматы облысы, тіпті Қазақстанның өзінде табиғи газдың ең жоғары тарифі осы ауылда тіркелген. Тіпті, Алматының бай-манаптары тұратын ауданнан жоғары. Не әкімнің, не прокурордың сөзі өтпейтін, тарифті заңсыз қымбаттатқан монополис компанияның артында кім тұр? , - дейді Мақсат Толықбай.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мақсат Толықбай (@maksattolykbai)

Ол әзірге нақты дәлелім жоқ. Бірақ тұрғындардың айтуынша, мұның артында Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаевтың қатысы болуы мүмкін деп отыр.

Жақында Шамалғанға  ҚР Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өкілдерін апарып,  бағаның негізсіз көтерілуінің себебін анықтап,  мәселені толық зерделеуге бар күшімді саламын, - деді депутат.

Бұған дейін Қарасай ауданының тұрғындары бірнеше рет осы мәселені көтерді. Көгілдір отынның сапасы мен қызмет көрсету құнының қымбаттауы тұрғындардың ашуын тудырып отыр. «Сигма-газ» компаниясы тарапынан көрсетілетін төмен дәрежедегі қызметтен әбден шаршаған халық  күні «Сигма, кет» деген ұранмен талай рет ереуілге шықты.

Тұрғындардың айтуынша, бүгінде олар «Сигма-газ» ЖШС-на көгілдір отынның бір текше метрі үшін 34 теңге 75 тиын төлеп жатыр. Ал бұл Қарасай ауданына қарасты өзге округтер мен ауылдар төлейтін тарифтерден 5-6 теңгеге қымбат екен.

Бағаны қымбаттатқан компания Қарасай ауданындағы Шамалған, Жандосов, Шалқар, Қайрат, Еңбекші, Құмарал, Үштерек ауылдарын және Арай, Дархан саяжайларын көгілдір отынмен қамтамасыз етеді. Қымбат бағаны төлеп отырған абоненттердің жалпы саны он мыңға жуық.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға