Жаңалықтар

Қазақстандағы еңбек мигранттары: қай елден келген және қай салада жұмыс істейді

Қазақстандағы еңбек мигранттары: қай елден келген және қай салада жұмыс істейді
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 26.11.2024 10:44 129

2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 246 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ЕХӘҚМ мәліметінше, шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 543 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 514 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 4 859 және 917 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 120 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 293  адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 789 жұмыс беруші бар. Оларда 389,8 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,8%-ы. Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 155 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 387 адам, әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 363 адам, тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 359 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 168 адам, - делінген мәліметте.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 664 адам, Өзбекстан – 1 230 адам, Түркия – 1 150 адам, Үндістан – 1 108 адам.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға