коллаж El.kz

Қазақстандағы ең жоғары жалақыны қай мамандық иелері алады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елдегі ең жоғары еңбекақы төленетін және ең жиі сұранысқа ие мамандықтар туралы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Enbek.kz электронды еңбек биржасының деректері бойынша, қараша айында жұмыс берушілер келесі мамандықтар бойынша ең жоғары бастапқы жалақы ұсынған:

  • Бас құрылысшы: 640 000 теңгеден жоғары;
  • Өндірістік учаске менеджері: 595 000 теңгеден бастап;
  • Әуе қозғалысын басқарушы: 568 000 теңгеден басталады.

Министрліктің мәліметінше, жалақысы ең жоғары мамандар қатарында:

  • Ұшқыштар: орташа 1,9 млн теңге;
  • Коммерциялық компаниядағы IT бөлімінің жетекшісі: шамамен 1,2 млн теңге;
  • Бас геолог: шамамен 1,2 млн теңге.

Қараша айында ең көп сұранысқа ие мамандықтар:

  • Медбике/мейіргер - 1900 бос орын;
  • Санитар - 1800;
  • Тәрбиеші - 1500;
  • Жүргізуші - 1500 бос орын.

Enbek.kz порталында бір ай ішінде 101 100 жаңа вакансия жарияланған. Бұл алдыңғы аймен салыстырғанда 23%-ға төмен. Хабарландырулардың 73%-ы білікті мамандарға арналған.

Сол кезеңде жұмыс іздеушілер 101 300 түйіндеме орналастырған, бұл қазан айымен салыстырғанда 11%-ға аз. Министрлік вакансия мен түйіндеме санының азаюын маусымдық өзгерістермен байланыстырып отыр.

Вакансия жариялау бойынша алдыңғы қатарда тұрған өңірлер:

  • Түркістан облысы - 11 100 хабарландыру;
  • Астана қаласы - 9 300;
  • Алматы қаласы - 7 200.

Қарашада еңбек нарығындағы барлық ұсыныстың төрттен бір бөлігі осы үш өңірге тиесілі болған.