Қазақстандағы ең ірі құбыр өндірісі
«DENIZ» - еліміздегі құбыр мен фитинг өндіретін ең ірі және заманауи кәсіпорындардың бірі. Бүгін «Біздің Brand» ұжымы кәсіпорынға барып, өндірістің барлық кезеңімен танысып шықты. Алдымен шикізат қоймасынан бастап, дайын өнімге дейінгі толық процесті көрдік. Мұнда құбырлар арнайы автоматтандырылған желілерде балқыту, қалыптау және салқындату кезеңдерінен өтеді. Әр құбыр мен әр фитингтің сапасы зертханада тексеріледі: қысымға төзімділігі, температура әсері және беріктігі мұқият сынақтан өткізіледі. Біз кәсіпорынның өндірістік желісін, кең қойма алаңдарын және өнімді өңірлерге жеткізу жүйесін көрдік. Зауыт тек бастапқы сапалы шикізат қолданады. Бұл шығарылым Қазақстандағы заманауи өндірістің деңгейін және отандық кәсіпорынның жұмыс мәдениетін көрсетеді. Зауыт жайлы толығырақ шығарылымнан көріңіз.