Қазақстандағы ең бай 50 адамның тізімі
Forbes мәліметінше, былтыр қазақстандық миллиардерлердің қалтасы қомпая түскен. Бірақ бұл жолы тізімге Михаил Ломтадзе (2022 жылы №5) енбепті, себебі америкалық Forbes журналы Ломтадзені Грузияның қалталыларының қатарына қосқан. Осылайша қазақстандық миллиардерлердің жалпы қаражаты $23,9 млрд (2022 жылы $25,3 млрд) болған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
1. Владимир Ким
$4 600 000 000
Металл, қаржы/ 62
Владимир Кимнің қаражаты $400 млн-ға азайған, тиісінше real-time-рейтингте 591-орынға жайғасты.
Владимир Ким KAZ Minerals Ltd 63,5%-ына, «Kazakhmys Copper» АҚ 70%-ына (құрамында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС бар), «RBK банкі» АҚ 89,71%-ына иелік етеді.
2. Тимур Құлыбаев
$4 300 000 000
Диверсификациялық бизнес/ 56
2023 жылғы 17 сәуірдегі мәліметке сәйкес, Құлыбаев real-time тізімде 636-орында тұрған. Ал қаражаты бір жылда $400 млн-ға артқан.
3. Динара Құлыбаева
$4 300 000 000
Диверсификациялық бизнес/ 55
Динара Құлыбаева да табысын бір жылда $400 млн-ға арттырды. Ол да күйеуі секілді әлемдік тізімде 636-орында тұр.
4. Вячеслав Ким
$3 600 000 000
Диверсификациялық бизнес/ 53
Вячеслав Ким де табысын арттырғандар қатарында. Өткен жылмен салыстырғанда оның қалтасы $400 млн-ға қалыңдаған. Сөйтіп real-time-рейтингінде 787-сатыға жайғасқан.
5. Тимур Турлов
$3 100 000 000
Финтех/ 35
Ал Тимур Турлов бір жылда бірден $900 млн-ға байыды. Әлемдік рейтингте ол 949-орында.
6. Болат Өтемұратов
$2 700 000 000
Диверсификациялық бизнес/ 65
Болат Өтемұратов миллиардерлердің ауқымды real-time-рейтингінде 1104-орынға жайғасқан. «ForteBank» АҚ иесінің табысы бір жылда $100 млн-ға кеміген.
7. Ибрагимовтер отбасы
$1 320 000 000
Диверсификациялық бизнес
Мукадасхан Ибрагимова мен оның төрт ұлы (Достан, Даврон, Шухрат пен Фурхат) Eurasian Resources Group-тің 20,7%-ына иелік етеді. ERG тобына бұл отбасынан 37 жастағы Шухрат Ибрагимов кіреді. Қазақстанда ағайынды Ибрагимовтердің жеке кәсіпорындары бар («Eurasian Space Ventures» ЖШС, «Laggar group» ЖШС).
8. Сәрсеновтер отбасы
$950 000 000
Диверсификациялық бизнес
Сәрсеновтер отбасы «Нұрбанк», «Виктория» сақтандыру компаниясы, Helios ЖҚС, «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты, «Француз үйі, Beautymania, «Планета красоты» және Imperial Home-ге иелік етеді. Бұдан бөлек те табыс көздері көп.
9. Нұрлан Смағұлов
$810 000 000
Авторетейл, машина жасау, девелопмент/ 57
Нұрлан Смағұлов – құрамына «Астана Моторс» компаниясы, MEGA ойын-сауық орталығы кіретін Astana Group-тің және MyCar жобасының негізін қалаушы.
10. Беловичтер отбасы
$790 000 000
Құрылыс, девелопмент
Александр Белович Bazis-A құрылыс корпорациясының басқарма басшысы. Ұлы Павел екеуі осы компанияға иелік етеді.
Топ-50-дегі өзге қалталылардың тізімі:
11. Эдуард Огай
$750 000 000
Металл/ 53
12. Айдын Рахымбаев
$620 000 000
Құрылыс/ 50
13. Олег Новачук
$615 000 000
Металл/ 52
14. Дариға Назарбаева
$590 000 000
Диверсификациялық бизнес/ 59
15. Кеңес Рақышев
$570 000 000
Диверсификациялық бизнес/ 43
16. Дінмұхамет Ыдырысов
$490 000 000
Диверсификациялық бизнес/ 58
17. Владимир Жұманбаев
$440 000 000
Металл/ 49
18. Ғалымжан Есенов
$435 000 000
Қаржы/ 41
19. Сергей Кан
$418 000 000
Диверсификациялық бизнес/ 55
20. Александр Клебанов
$398 000 000
Диверсификациялық бизнес/ 60
21. Бақытбек Байсейітов
$392 000 000
Банктер, инвестиция, мұнай саласы/ 64
22. Фаррух Махмудов
$385 000 000
Диверсификациялық бизнес/ 47
23. Сейітжановтар отбасы
$360 000 000
Диверсификациялық бизнес
24. Еркін Татишев
$338 000 000
Диверсификациялық бизнес/ 47
25. Қайрат Итемгенов
$323 000 000
Фармацевтика, девелопмент/ 52
26. Мұқашевтер отбасы
$310 000 000
Тау-металлургия кешені және девелопмент
27. Данияр Әбілғазин
$290 000 000
Диверсификациялық бизнес / 53
28. Эдуард Ким
$279 000 000
Ретейл/ 57
29. Нұрали Әлиев
$249 000 000
Диверсификациялық бизнес/ 38
30. Владислав Ким
$242 000 000
Инвестициялар / 48
31. Бахаридин Аблазимов
$238 000 000
Мұнай мен газ / 54
32. Александр Гарбер
$233 000 000
FMCG (күнделікті тұтыну тауарлары)/ 60
33. Айдан Кәрібжанов
$226 000 000
Инвестициялар, энергетика / 51
34. Серік Толбасы
$220 000 000
Құрылыс, девелопмент / 57
35. Яков Цхай
$214 000 000
Диверсификациялық бизнес / 72
36. Серік Толықпаев
$202 000 000
Құс шаруашылығы / 52
37. Бауыржан Исабаев
$200 000 000
Құрылыс / 50
38. Алмас Мыңбаев
$198 000 000
Сақтандыру, фосфориттер / 49
39. Қайрат Мәжібаев
$185 000 000
FMCG / 55
40. Алмас Сұлтанғазин
$182 000 000
Ретейл, IT / 58
41. Сайдулла Қожабаев
$170 000 000
Машина жасау / 63
42. Қанат Көпбаев
$169 000 000
Диверсификациялық бизнес / 46
43. Дәулет Нұржанов
$169 000 000
Диверсификациялық бизнес / 51
44. Ерлік Балфанбаев
$165 000 000
Құрылыс материалдары / 59
45. Нұрбол Назарбаев
$155 000 000
Диверсификациялық бизнес / 39
46. Асхат Омаров
$150 000 000
Құрылыс / 49
47. Қаппаровтар отбасы
$110 000 000
Диверсификациялық бизнес
48. Марат Сәрсенов
$105 000 000
Транспорт / 55
49. Арманжан Байтасов
$89 000 000
Медиа, телеком, девелопмент / 53
50. Александр Дериглазов
$87 000 000
Дистрибуция, ретейл / 53